"Бастау" түлегі Осакаров ауданында мал шаруашылық фермасын ашты

881

"Бастау" түлегі Осакаров ауданында мал шаруашылық фермасын ашты

Астанада өткен "Бастау" жобасының түлектері мен қатысушылар Форумында үздік бизнес-жобалардың авторларын марапаттады. Аталмыш шара "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезінің шеңберінде өтті. 

2017-ші жылы бастау алған жобалар бағаланды. Комиссия 30 үздік бизнес-жобаларды іріктеп алды, олардың қатарында 3 – қарағандылық. Кәсібін енді бастаған ауылдық кәсіпкерлерге естелік мүсіншелер мен мадақ қағаздарын табыс етті. 
"Бастау" жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін үйретіп, оларға өз кәсібін бастауға көмек көрсету болып табылады. 
Қарағанды облысы Осакаров ауданының Молодежный кентінің 30 жасар тұрғыны Ержан Мүсәлімов мал шаруашылығы фермасын ашқан. Ауыл шаруашылықты қолдау қаржылық қоры кәсіпкерге 3,9 млн теңге көлемінде несие берген. Бұл қаражатқа ол 19 бас жас мал және жем алған. Ферманың еті қазіргі таңда облыс орталығына ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне жеткізіледі. 
- Менің жоғары білімім бар, мамандығым "инженер-технолог". Осыған дейін 6 жылдай құрылыс саласында жұмыс істедім, бірақ әрдайым өз ісімді ашқым келетін. Арманым орындалды. Біздің кентте ауыл шарушалығы онша дамымаған, сондықтанмен мал шаруашылығын таңдадым. Көмек сұрапжергілікті Кәсіпкерлер палатасының филиалына бардым, онда маған "Бастау" жобасы туралы айтып берді. Бір ай бойы бірінші лекпен оқудан өттім.Бизнет-жаттықтырушымыз Меруерт Қасымова бізге кәсіпкерліктің негіздерін үйретіп, бизнес-жоспар құруға көмектесті, ол жоспарды мен комиссия алдында сәтті қорғап шықтым, - дейді Ержан Мүсәлімов. 
Шет ауданы Ақсу-Аюлы кентінің тұрғыны Қазбек Уақасов өз ауылында қонақ үй кешенін ашты. Ол 6,4 млн теңге көлемінде шағын несие алған, ал жобаның жалпы сомасы одан екі есе артқан. 
44 жасар Меруерт Шәйкенова Қарқаралыда тәулік бойы жұмыс істейтін дәріхана ашып, 4 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Осыған дейін ол фармацевт болып қызмет еткен, сондықтан аталмыш сала оған етене таныс. Жобаның жалпы құны 15 млн теңгені құрады, оның 4 миллионын ол несиеге алған. 
2017-ші жылы "Бастау" жобасы бойынша Қазақстанда 15 мың адам оқудан өткен, олардың 3000-нан астамы өз бизнестерін ашып немесе кеңейткен. Биылғы жылы бизнес жүргізу туралы оқудан өтушілер саны екі есеге арттырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу