"Bek Air" директоры Таразға шұғыл қонған ұшаққа байланысты түсінік берді

918

"Bek Air" директоры Таразға шұғыл қонған ұшаққа байланысты түсінік берді

Алматыдан Атырауға ұшқан "Bek Air" ұшағы шұғыл түрде Таразға қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Bek Air" компаниясының бас директоры Сырым Омаржанов берген мәлімет бойынша, 2105 рейстегі ұшақ Алматы-Атырау бағыты бойынша ұшқан, биіктікке көтерілген соң кабинаның қысымы реттеу жүйесінде ақау шыққан.
"Негізінде, командирдің сәл төмен ұша беруіне де болатын еді, бірақ Атырауға ұзақ ұшатын болғандықтан, әрі қауіпсіздікті  барынша сақтау үшін Таразға қонуға шешім қабылдады. Қазір Алматы әуежайынан резервтегі борт жіберіледі, Тараздағы барлық жолаушыны сол ұшақпен Атырауға жеткіземіз. Нақты мәлімет анықталып жатыр" - деп хабарлады Омаржанов.
Қазір интернет желісінде бортта болған өрт жайында таралып жатқан ақпаратты авиакомпания басшысы жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу