"Біз денсаулықты таңдаймыз!" акциясы аясында білікті дәрігерлер тегін кеңес береді

1336

 "Біз денсаулықты таңдаймыз!" акциясы аясында білікті дәрігерлер тегін кеңес береді

Астанада "Біз денсаулықты таңдаймыз!" атты мәдени-сауықтық акция өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Онда білікті дәрігерлер, терапевтер, педиатрлар кеңес береді. Сонымен қатар, артериалды қысымды, бойды, салмақты, қан құрамындағы қант пен холестеринді өлшеу сияқты диагностикалық процедураларды тегін өткізеді. Флюорография өтемін деушілерге жылжымалы флюромашина қызмет етеді.

Елордалық Жедел жәрдем қызметінің нұсқаушылары адам өміріне қауіпті жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша мастер-класс көрсетеді.

Сондай-ақ концерттік бағдарлама, әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған викторина, жүлделер және лотерея ойнатылады.

Акция салауатты өмір салтын дәріптеу, азаматтарды өз денсаулығын дұрыс басқаруға дағдылау және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылады.

Акция 3 қараша күні сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін Астана қаласы "MEGA Silk Way" ойын-сауық орталығының 1-ші қабатында (мұз айдыны жанында) өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу