"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына қатысушылар 534 млрд теңге салық төлеген

1030

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына қатысушылар 534 млрд теңге салық төлеген

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы жүзеге асырылған алты жыл ішінде бағдарламаға қатысушылар 1,6 млрд АҚШ долларының (534 млрд теңге) салығын төлеген. Бұл туралы "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

"17,4 млрд АҚШ долларына шаққандағы (5,8 трлн теңге) өнім шығарылған, үш жүзден астам жұмыс орны ашылып, бұрынғылары сақталып қалған. Төленген салық мөлшері берілген субсидия көлемінен 4 есе артық. Бұл — қаржының мемлекет қазынасына құйылып жатқанын көрсетеді. 2016 жылы бағдарламаның қорытындысы бойынша шамамен 155 млрд теңге салық түсіп, кем дегенде 25 мың жұмыс орны сақталып, жаңалары ашылады деп жоспарланған", деді Қаныш Тулеушин Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V бизнес-форум кезінде.

Айта кетейік, 2010 жылдан бастап "Даму" қорының бастамасымен Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға арналған "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі құралы – несие бойынша мөлшерлемені субсидиялау мен кепілзат жетіспеген жағдайда несиеге кепілдік беру және екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несие беру болып табылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу