Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов еліміздің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.
Жиын Мәскеу мемлекекттік халықаралық қатынастар институтында өтіп, оған Ресейдің әр түкпірінде оқып жатқан жерлестеріміз қатысты. Елші тыңдармандарға Қазақстанның тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктері туралы баяндады. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы" жолдауы негізінде жас мамандарға жол ашылып отырғанын жеткізді. Өйткені мемлекетке білікті мамандар әрқашанда қажет. Ал президенттің бастамасымен жүзеге асырылған "Болашақ" бағдарламасы арқылы 8 жарым мың отандасымыз шетелде білім алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу