"Болашақ" стипендиясына өтініш қабылдау мерзімі бір айға ұзартылды. Енді үміткерлер осы жылдың 16-шы қазанына дейін құжаттарын тапсыруға мүмкіндігі бар. Бұл жайында "Халықаралық бағдарламалар орталығының" вице-президенті Мейіржан Алпысбай мәлімдеді.
Мерзімді ұзартуға конкурсқа қатысуға ниеттілер қатарының көбейгендігі себеп болған. Осы уақытқа дейін жүргізілген іріктеу бойынша 251 адам стипендия иегері атанған. Ал мемлекеттік қызметкерден 113 азамат құжаттарын тапсырған екен. Оның тек 21-і стипендинат атаныпты.
Мейіржан Алпысбай "Халықаралық бағдарламалар орталығының" АҚ вице-президенті: "2017 жылы "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау рәсіміне өзгерістер енгізілді. Қажеттілікке және құжаттарды қабылдау мерзімінің соңында қарбалас болғанына байланысты. Іріктеу кезінде 300 үміткер, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер құжаттарын тапсырды".