"Болашақпен" оқуға үміткерлердің дені гуманитарлық саланы таңдайды

614

"Болашақпен" оқуға үміткерлердің дені гуманитарлық саланы таңдайды

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ" халықаралық стипендиясы арқылы білім алуда үміткерлер тарапынан сұранысқа ие болып отырған мамандықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық бағдарламалар орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта үміткерлер тарапынан "Құқық", "Халықаралық қатынастар", "Бухгалтерлік есеп және аудит", "Мемлекеттік саясат", "Білім саласындағы басқару", "Журналистика", "Ақпараттық технологиялар және жүйелер", "Технологиялар менеджменті, инновациялық менеджмент" және т.б. мамандықтарға сұраныс жоғары.
Айта кетейік, 2017 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясы арқылы "Мемлекеттік қызметшілер", "Ғылыми және педагог қызметкерлер", "Инженерлік-техникалық қызметкерлер", "Мәдениет қызметкерлері", "Мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлер", "Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері" санаттары бойынша  магистр дәрежесін алуға және тағылымдамадан өту үміткерлері үшін жеңілдіктер бар. Олар үшін IELTS 5.5 деңгейіндегі көрсеткіш жеткілікті және тілдік курстардан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу