"Бозой" жерасты газ қоймасын жаңғырту жұмыстары аяқталды

992

"Бозой" жерасты газ қоймасын жаңғырту жұмыстары аяқталды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы "Бозой" жерасты газ қоймасын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде қоймада сақталатын көгілдір отынның көлемі артты, деп хабарлайды khabar.kz.

Сонымен қатар қоймада ірі газ кептіру қондырғысы іске қосылды. Екі жобаның бағасы – 25 млрд теңге.

"Бұл – осы учаскедегі ең ірі газ кептіру қондырғысы. Оның бір тәуліктегі өнімділігі 27 млн текше метрге жетеді. Бұл құрылғы 6 ай бойы, яғни 150 күн жиналған 3 млрд текше метр газды кептіріп, өндей алады. Ол газдың сапасы халықаралық стандартқа сай болады", - дейді "Интергаз Орталық Азия" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Мұқатай Шанбатыров.

Енді оңтүстік облыстарға да осы табиғи отын тасымалданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу