"Брендт" ЖШС 2016 жылы Доре қорытпасын өндіруді 45%-ға арттырды

860

"Брендт" ЖШС 2016 жылы Доре қорытпасын өндіруді 45%-ға арттырды

Алтын өндіретін "Брендт" кәсіпорны (Қостанай облысының Жітіқара ауданында орналасқан) 2016  жылы 402 мың тонна алтын кенін өндіріп, 193 келі Доре қорытпасын шығарды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Жітіқара ауданының әкімдігі.
"Брендт" 2015  жылы 135 мың тонна алтынын кенін өндіріп, 133 келі Доре қорытпасын дайындаған. Яғни кен өндірудің көлемі 3 есе, Доре қорытпасын өндіру 45%-ға артып отыр.
Кәсіпорынның болжалды мәліметтері бойынша, 2017 жылы  алтын кенін өндіру көлемі  298 мың тоннаны, Доре қорытпасын өндіру 275 келіні құрамақ, деп мәлім етті әкімдік.
"Брендт" ЖШС құрылтайшысы – Алматы қаласындағы "Сумеру" ЖШС. Кәсіпорынның негізгі қызметі – бағалы металдар өндіру, кен өңдеу. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу