Румындық Брэила қаласында "Бүркіт" мамандандырылған кемесін іске қосу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Кеме "Теңізшевройлды" кеңейту жобасы аясында тасымалданатын Құрық порты - Прорва порты (Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің солтүстік бөлігі) маршруты бойынша габаритті емес жүкті тасымалдау үшін жасалды.
2018 жылдан бастап 2021 жыл аралығында 3 жыл ішінде 75-ке жуық габариті емес үлгіні тасымалдау жоспарланған. "Бүркіт" ТШО кеңейту жобасы аясында 3 арнайы кеме жасау жоспарланған. Бұл - екінші кеме. Оның алдында "Барыс" кемесі осы жылғы 12 мамырда суға жіберілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу