Маңғыстаудағы "Caspi Bitum" зауыты 22 қарашада биг-бэгпен 60 тонна көлемінде жол битумының алғашқы партиясын экспортқа шығарды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Қытайлық компаниямен біздің әріптестігіміздің нәтижесінде, біз жоғары сапалы өнімді тек Орталық Азия елдеріне ғана емес, сонымен қатар Қытайға экспорттау мүмкіндігіне ие болдық" - дейді "CASPI BITUM БК" ЖШС директорының орынбасары Сакен Өтелбаев.
Айта кетсек, биг-бэг дегеніміз сыйымдылығы 1 мың кг-ға дейін, өнімді кез-келген температурада тасымалдау мен сақтауға мүмкіндік беретін, бір рет пайдаланылатын арнайы тасымалдау ыдысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу