"Цеснабанк" АҚ-ға жаңа басқарма төрағасы сайланды

815

2018 жылдың 14 қыркүйегінен бастап  Ержан Төлеубеков банктің басқарма төрағасы лауазымынан босатылды.

"Цеснабанк" АҚ-ға жаңа басқарма төрағасы сайланды

 "Цеснабанк" АҚ атқарушы органның құрамындағы кадрлық өзгерістер жөнінде хабарлайды.

 "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2018 жылдың 14 қыркүйегінен бастап  Ержан Төлеубеков банктің басқарма төрағасы лауазымынан босатылды. 

Жаңа басқарма төрағасы болып Ульф Вокурка сайланды.

Ульф Вокурка мырзаның қаржы саласында көпжылдық тәжірибесі, кәсіби ортада мінсіз іскерлік дәрежесі мен беделі бар. Дойче банктің түрлі құрылымдарында, қазақстандық ірі қаржы ұйымдарының және ұлттық компанияларының директорлар кеңесінің құрамында қызмет атқарған. Бұдан бұрын ғана  "Казкоммерцбанк" АҚ басқармасын басқарған.

Өзінің тағайындалуы жөніндегі пікірін білдірген Ульф Вокурка, Ержан Төлеубековтың атқарған қызметі, соның ішінде банктің жайғасымдарын нығайтуға бағытталған іс-шаралар бағдарламасын дайындағаны үшін алғысын білдірді. Осы бағытта "Цеснабанк" АҚ Қазақстан Республикасы үкіметінің және Ұлттық банкінің тарапынан зор қолдауға ие.

"Мен, аталған бағытты жалғастыру және қысқа мерзім ішінде оны аяқтау, банктің одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету, менің мақсатым деп есептеймін. Ержан Төлеубеков біздің командамызда қалады және инвестициялық жобаларға негізделген қызметін менің кеңесшім ретінде жалғастырады", - деп Ульф Вокурка пікірімен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу