"Цеснабанк" АҚ баспасөз-қызметі Ұлттық банктің ұсынған 150 млрд теңге мөлшеріндегі несие жайын түсіндірді. Еске салар болсақ, бұған дейін abctv.kz келісім жариялауға жатпайтынын хабарлаған болатын.
"2018 жылдың тамызында "Цеснабанк" АҚ өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық банкінен 150 млрд теңге көлемінде қысқамерзімді несие тартылды. Аталған қарыз Қазақстан Республикасының "Банктер және банк қызметі туралы" заңына және ҚР ҰБ-ның нормативтік актілеріне сәйкес берілген. 2018 жылдың 5 қыркүйегінде "Цеснабанк" АҚ 100 млрл теңге қарызды ішінара жапты, ал қалған сома сыйықысымен бірге жақын арада төленетін болады. Қысқамерзімді қарыз банктің өз қаражаты есебінен жабылды", – деп хабарлады ЕДБ баспасөз-қызметі.
Сондай-ақ "Цеснабанк" АҚ банк өкілдері банкте өтімді активтер көлемі жеткілікті, банк тұрақты режимде жұмыс жасап жатқанын, реттеушінің пруденциялық нормативтері мен басқа талаптарын орындап,төлем және аударым операциялары бойынша келісімшарт міндетін толық көлемдк іске асырып жатқанын айтты.