Қайрат Сатылғанов "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Николай Мещеряков банктің бас кеңсесінде өткен брифингте мәлімдеді.
Бұған дейін Қайрат Сатылғанов банктің тәуелсіз директоры лауазымында болған.
"Банк қызметін әрі қарай жетілдіру мақсатында акционерлер корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізу туралы шешім қабылдады. Ондағы басты ұстанымдардың бірі акционерлердің банк қызметіне араласпауы болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, 14 қыркүйекте Ульф Вокурка басқарма төрағасы болып сайланды. 24 қыркүйектен бастап Қайрат Сатылғанов директорлар кеңесінің төрағасы атанды. 18 қазан күні акционерлердің жиналысы өтеді, онда директорлар кеңесінің құрамы қаралады. Акционерлер құрамы өзгермейді. Біз осында қаламыз және капиталдандыруды екі кезеңде жүзеге асырамыз", - деді Николай Мещеряков.
Айта кетейік, 2018 жылғы 19 қыркүйекте ҚР үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі "Цеснабанк" АҚ-нан 450 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алу тетігін бекітті. "Цеснабанк" АҚ "ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілген валюталық несиелерді несиелендіру мерзімдерін ұзарта отырып, теңгелік несиеге айырбастау тетігін бекітті.