"Шапағат" коммуналдық базарының аумағында 3 желтоқсанға дейін жалғасатын "Чек талап ет те, сыйлық жеңіп ал!" атты акция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға қатысу үшін коммуналдық базардан құны 500 теңгеден кем болмайтын тауарды сатып алып, чекті алу жеткілікті. Бұдан кейін чекті промо тұрақтың қасында тұрған модераторға беру қажет.
Акция жұмыс күндері сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін; әр сағат сайын Sulpak сауда үйінен кез келген тауарды сатып алу үшін 15 мың теңге сомасында сертификат ойнатылады, әр жексенбі сайын ұтылып қалған чектер жоғарыда көрсетілген Sulpak компаниясынан тауар алу үшін - 100 мың теңге сомасында сертификат ойнатылады.
Бүгінге дейін 37 сертификат ойнатылды. Акцияны ұйымдастыруға ҚР қаржы министрлігі, ҚР мемлекеттік кірістер комитеті, Астана мемкіріс департаменті, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, қалалық әкімдік, "Атамекен" ҚР ҰКП, "Astana" ӘКК АҚ және "Қазақтелеком" АҚ қатысты.