Польшалық шабуылшы Роберт Левандовскийді "Челсидің" бас бапкері Антонио Конте өз клубына шақырып жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.
Поляк осы маусымда "Бавария" сапында 30 гол соққан болатын. Бірақ ол Бундеслиганың үздік сұрмергені атағын ала алмады. Футболшы "Боруссия" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянгке жол берген болатын. Үздік бомбардир атағын жеңіп алуға көмектеспегені үшін Роберт командаластары мен бас бапкерден көңілі қалғанын айтты.
Англиялық клуб осыған байланысты Левандовскийді өз сапына ауыстырып алмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу