"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасына 310 миллиард теңге қажет

1178

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасына 310 миллиард теңге қажет

Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 310 млрд теңге қажет. Бұл турасында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев үкіметтің селекторлық отырысында мәлім етті.

Бағдарламаны дайындауға шетелдік және жергілікті сарапшылар мен Дүниежүзілік банк, Boston consulting group, Гартнер сынды компаниялар үлес қосқан. Осылайша экономиканы цифрландыру барысында 2022 жылға қарай стартаптарға тартылатын инвестиция 67 млрд теңгеге жетеді. Цифрландырудың арқасында 2022 жылға қарай 300 мың жұмыс орны ашылып, көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтердің 80%-ын электронды түрде алуға қол қарастырылуда. Сонымен қатар министр 2022 жылға қарай интернет қолданушылардың үлесі 82-пайызға

жетеді деді. Айта кетейік "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарауына ұсынылады.

Дәурен Абаев , ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі:

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мәтініне оны жүзеге асыру бөлігі бойынша бірқатар толықтырулар енгізілді. Осылайша, бағдарлама 2018 жылдан 2022 жылдарға дейінгі кезеңді қамти отырып, ел экономикасының технологиялық жаңғыруына серпін бермек. Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің ұзақмерзімдік әрі ауқымды өсімі үшін жағдай жасауы тиіс"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу