"Даму" қоры "Қазкомерцбанкке" 1 млрд теңгенің несие желісін ұсынды

715

"Даму" қоры "Қазкомерцбанкке" 1 млрд теңгенің несие желісін ұсынды

Бұл қаржының тең жартысы "Даму" қорының өз қаражаты болса, қалған соманы Алматы қалалық әкімшілігі бөлді. Нәтижесінде "Алматы инновациялар" бағдарламасын қаржыландыруға қажетті 1 млрд теңге қор жасақталды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Даму" қоры 500 млн теңге көлеміндегі бірінші траншты "Қазкоммерцбанкке" аударып қойды. Шарт бойынша банк 6 айдың ішінде Алматы қаласының шағын және орта кәсіпкерлерін "Алматы инновациялар" бағдарламасы аясында қаржыландыра бастауы керек.

Негізгі талаптар:

Кәсіпкерлер үшін белгіленген жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8,5%;

Бір адамның қолына 100 млн теңгеден аспайтын сома тиеді;

Жаңа құрал алып, негізгі жабдықтарды жаңарту және айналым қаражатын толықтыру үшін 84 айға дейін беріледі.

Қаражат Алматы қаласында ресми тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға ғана бөлінеді.

"Алматы инновациялар" бағдарламасына кіретін салалар:

Өңдеу өнекәсібі – компьютер, электронды және оптикалық өнім; электр құралдары; өзге сала тізіміне енбеген машина және құрал-жабдық; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі.

Ақпарат және байланыс – байланыс, компьютерде бағдарламалау, кеңес беру секілді тиісті қызмет түрлері; компьютерлік бағдарламалау саласындағы басқа да қызметтер; ақпараттық технологиялар саласындағы кеңес беру қызметтері; мәліметтерді өңдеп, орналастыру сияқты өзге де қызметтер

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – сәулет, инженерлік, техникалық сынақ пен талдау саласы; ғылыми зерттеулер; басқа да кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет – денсаулық сақтау саласы бойынша қызмет көрсету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу