"Даму-Өндіріс" бағдарламасының шикі тұсы анықталды

1711

"Даму-Өндіріс" бағдарламасының шикі тұсы анықталды

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының "Даму-Өндіріс" бағдарламасында қарызды қайтару тетігі қарастырылмағандығы анықталды, деп хабарлайды abctv.kz.

2014 жылы Ақтау мұнай сервис компаниясы мен Ақтау машина жасау зауыты "Даму-Өндіріс" аясында АТФ Банкінен несие алады. 2015 жылы наурызда "Даму" қоры машина жасау зауытын тексеріп, несие қаржысының мақсатты жұмсалғанына, талаптар мен шарттардың бұзылмағанына көз жеткізеді. Алайда, кейін компанияға қаражатты заңсыз алып, мақсатсыз игерді деген айып тағылып, зауыт мемлекеттік бағдарламадан шығып қалады. Сөйтсе, "Даму-Өндіріс"-те қарызды қайтару тетігі қарастырылмаған екен.

"Біз өз құқығымызды қорғап сотқа жүгіндік. Сот арызымызды қанағаттандырды.  Сөйте тұра, "АТФ Банк" бір жақты негізде несие қаражатын тәркілеп алды. Қаржы ұйымы бұл ақшаны басқа мақсаттарға жұмсап жіберген. Мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Банк пен "Даму" қоры мәселені бір-біріне сілтейді. Қаражаттың жоқтығынан зауыттың жоба-жоспарлары да тоқтап тұр. Сондықтан "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметіне жүгіндік", – дейді Ақтау машина жасау зауытының бас директоры Амангелді Тыншимов.
"Атамекен" ҚР КҰП кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленконың сөзінше, бағдарламаны пайдалану тетіктері мемлекеттік қолдауға қайшы келіп отыр. Сондықтан ол бағдарламаны жетілдіру керек деп есептейді.
Тараптарды тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені үкіметке жеткізу керек деген шешімге келді. Атап айтқанда ұлттық қордан бөлінетін қарызды қайтару тетігін жетілдіру бойынша өзгерістер енгізу керек деген ұсыныс айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу