"Дарын" мемлекеттік сыйлығының көлемі 3 есеге ұлғайтылды

752

Әр номинация бойынша 600 мың теңге үлестіріледі.

"Дарын" мемлекеттік сыйлығының көлемі 3 есеге ұлғайтылды

ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы болып өтті. Отырысты ашқан ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев 2018 жылы "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының көлемі 3 есеге артып, әр номинация бойынша 600 мың теңге үлестірілетін айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ұсынылған үміткерлерді қарастырған комиссия мүшелері 2018 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын анықтады. Сыйлықақыны беру туралы шешім оны Қазақстан Республикасының үкіметі қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді және жеңімпаздар биылғы жылдың желтоқсан айында өтетін салтанатты рәсім барысында марапатталатын болады.

Биылғы жылы айтулы марапатқа өтінім білдіргендердің саны рекордтық межеге жетті, нақтырақ айтқанда 301 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 271 өтінім қабылданып, қаралды.

Номинациялар бойынша келіп түскен өтініштер саны келесідей: "Театр және кино" - 41, "Журналистика" - 15, "Әдебиет" - 18, "Спорт" - 37, "Эстрада" - 21, "Классикалық музыка" - 17, "Халық шығармашылығы" - 20, "Дизайн және бейнелеу өнері" - 17, "Ғылым" - 48, "Қоғамдық қызмет" -  37 өтініш.

2016 жылы-126, 2017 жылы- 213 өтінім келіп түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу