Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасы үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерге 2017 жылғы 19 шілде мен 19 қыркүйегі аралығында байқау жариялайды, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады.
Сыйлық бір уақытта әр номинация бойынша екіден артық емес ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Толық мәліметті din.gov.kz сілтемесі арқылы табуға болады.