"Delta Bank" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енді

729

"Delta Bank" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енді

2018 жылдың 25 сәуірінде "Delta Bank" АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі хабарлауынша, банк салымшылары мен клиенттері – жеке тұлғалар ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларында орналастырылған депозит пен сомаларды қайтаруға құқылы.

Кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) қаражатынан "Банк ЦентрКредит" АҚ-ы арқылы жүзеге асырылатын болады. Агент банк 2018 жылдың 17 мамырынан кешіктірмей өтемді қайтаруды бастайды.

ҚДКБҚ-ның кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша міндеттемелерінің сомасы шамамен 141 млн теңгені құрайды; өтемді алуға құқығы бар жеке тұлғалардың саны – 2 244 адам, оның ішінде кепілдік берілген өтем мөлшерінің шегінде – 2 242 адам.

Кепілдік берліген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы 577,6 миллиард теңгені құрайды.

Кепілдендірілген сомадан асатын депозиттері бар жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте және кезекте "Delta Bank" АҚ-ның тарату комиссиясы банктің активтерін сату барысында өтемақы алуға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу