"Денсаулық" пойызының сапарда жүргеніне бір ай болды

721

Пойыз алда Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарын да аралайды. 

"Денсаулық" пойызының сапарда жүргеніне бір ай болды

Шалғай елдімекендерді аралап, кәсіби білікті мамандармен халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуге биыл да жолға шыққан "Денсаулық" пойызының осы жолғы сапарына бір ай толды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Осы аралықта пойыз Маңғыстау облысының 12 станциясы мен Атырау өңірінің 5 станциясын аралап, барлығы 7 мыңға жуық адамға қызмет көрсетті. Оның ішінде 1300 бала бар.  

Пойыз әлі екі ай рельс үстінде жүріп, халыққа қызмет көрсетеді.

Пойыздар заманауи диагностикалық жабдықтармен, соның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, кардиологиялық мониторлық жүйемен жабдықталған. Пойыз құрамындағы медициналық құрамда терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сынды білікті дәрігерлер бар.

Маңғыстаудан кейін бүгінде Атырау облысының халқына қызмет көрсетіп жүрген аталған пойыз алда Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарын да аралайды, жалпы алғанда биылдыққа 71 станцияға тоқтап, дәрігерлік көмек беруде. Аталған станциялар тұрғындарына жоғары кәсіби білікті мамандардан кіші хирургиялық ота, сапалы стоматологиялық ем-шаралар қызметтері көрсетілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу