19 қаңтарда Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен және "Динамо" дене шынықтыру спорт қоғамы орталық төралқа мүшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінің, депутаттардың қатысуымен "Динамо" дене шынықтыру спорт қоғамдық бірлестігінің жұмыс қорытындысы бойынша конференция өтті.
"Динамо" ДСҚ ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов динамошы-спортшылардың өткен жылғы Рио де Жанейродағы жетістіктерін атап өтті (5 спорт түрі бойынша олимпиадалық 3 алтын, 5 күміс, 8 қола медаль). Сондай-ақ ол Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде динамошы-спортшылардың еліміз үшін 62 олимпиадалық медаль, оның ішінде 16 алтын, 19 күміс, 27 қола медаль жеңіп алғанын хабарлады.
Конференцияда өткен жылы "Динамо" ДСҚ-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы жасалғаны аталып өтілді.
Конференцияда Ішкі істер министрі "Динамо" ДСҚ төрағасы Қалмұханбет Қасымов "Динамо" спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттады. Сонымен, жалпы командалық есепте бірінші орынды ІІМ-нің командасы, екінші орында ҰҚК ШҚ командасы, үшінші жүлделі орынды ІІМ-нің Мамандандырылған күзет қызметі командасы иеленді.
Бұған қоса, "Динамо" қоғамының Алтын Орденімен "Динамо" ДСҚ ОБ Президиумының мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО-ның 8 мәрте чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының иегері Берікқазы Сексенбаев марапатталды, динамолық қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР ҰҚК-ті төрағасының орынбасары, ҚР ҰҚК ШҚ директоры Дархан Дилманов, ІІМ ӘПК төрағасы Игорь Лепеха, сондай-ақ ІІД-нің бірқатар басшылары – "Динамо" ДСҚ ҚБ-нің облыстық филиалдарының төрағалары медалдармен марапатталды.
Конференция соңында Қалмұханбет Қасымов "Динамо" дене шынықтыру спорт қоғамы 2017 жылды балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық спорты мен саламатты өмір салтын белсенді қолдау жылы деп жариялағанын хабарлады.