Алматы облысында "Disneyland" салуға $115 млн шамасында қаржы жұмсалады. Бұл туралы өңірдің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан айтты, деп хабарлайды LS.
Бұл отбасылық ойын-сауық орталығының кешені 6 бөлімнен тұрады. Кешен пайдалануға берілген соң жыл бойы жұмыс істейтін болады. Заманауи парктегі жабық ғимараттар қай мезгілде болмасын демалуға мүмкіндік береді.
"Қазір жобалық-сметалық құжаты бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жобаның құрылысын 2019 жылы бастау жоспарланып отыр", - дейді басқармадан.
Жобаның әзірлеушісі Happylon компаниясы болғандықтан, парк Happy Land деп аталмақ екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу