"ДОС" орталығы мүгедектер техникасын жөндеу жобасын іске қосты

840

"ДОС" орталығы мүгедектер техникасын жөндеу жобасын іске қосты

"ДОС" тәуелсіз өмір" орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жанынан мүгедектерге арналған техниканы жөндеу және сервистік техникалық қызмет көрсету бірегей қызметі көрсетіледі. Жоба Астана қаласы әкімдігінің және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен іске асырылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаны іске асыру мүгедектер арбасына дер кезінде техникалық қызмет көрсетуге, ақауды уақтылы анықтауға, оны аз уақытта жоюға мүмкіндік береді, ал бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың белсенді өмірге қайта оралуына жағдай жасайды.

Сервис орталықта мүгедек арбасына күтім жасауға қатысты кеңес алуға, оны жөндеуге тапсыруға немесе үйде жөндеуге тапсырыс беруге болады. Өтініш 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Мүгедекке арналған техниканы жөндеумен және оған техникалық қызмет көрсетумен тәжірибелі шеберлер айналысады. Жақын уақытта "ДОС" орталығының www.dos.com.kz сайтында онлайн-өтініш қабылдау және онлайн-кеңес көрсету ұйымдастырылмақ.

"ДОС" тәуелсіз өмір" орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігі Ш. Айманов к-сі, 6/1 мекен-жайында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу