Қарағанды қаласында "Достық шаңырағы" этнофестивалі ұйымдастырылды. Сонымен қатар жұртшылық бірлік шеруіне қатысты, деп хабарлайды 24.kz.
Ал шығармашылық ұжымдар қала тұрғындарымен қонақтарға музыкалық композициялар тарту етті.
"Достық шаңырағы" фестиваліне 30-дан астам этномәдени бірлестігі атсалысып, көкке мыңнан астам түрлі-түсті шар ұшырылды. Сонымен қатар орталық саябақтағы этноаулда жұртшылық ұлттық бұйымдармен танысып, тағамдардан дәм татты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу