"ЕЭК" АҚ жаңа бөлімшесіндегі қызмет сапасын жақсартып, ERG-дің топішілік айналымдарын ұлғайтпақ

1309

"ЕЭК" АҚ жаңа бөлімшесіндегі қызмет сапасын жақсартып, ERG-дің топішілік айналымдарын ұлғайтпақ

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ Ақсу электр станциясынан және "Шығыс" кенішінен кейінгі үшінші бөлімшесі – Өндірістік жөндеу бөлімшесін (ӨЖБ) қалпына келтірді, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Энергетиктер Еуразиялық топтың жөндеу бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысында  орналасқан Ақсу электр станциясының жөндеу базасы негізінде жаңа бөлімше құрды. ӨЖБ құрамына электр станцияның негізгі жөндеу цехтары мен учаскелері енді: технологиялық жабдықтарды жөндеу цехы, турбиналық жабдықтарды жөндеу учаскесі, №1, №2 қазан учаскелері, арматура және құбырларды жөндеу учаскелері, электр жабдықтарын жөндеу цехы, металдар және дәнекерлеу зертханасының бөлігі.

"Жаңа бөлімше топ ішіндегі айналымдарды ұлғайту және сапалы қызмет көрсету мақсатымен құрылды. ӨЖБ қызметкерлері электр станциясының және "Шығыс" кенішінің жабдықтарын жөндеп, Топтың басқа аймақтардағы кәсіпорындарына сервистік қызмет көрсетумен айналысады, – деді  "ЕЭК" АҚ президенті Валерий Гриненко.

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы өндірістік жөндеу бөлімшесінің тарихы 1957 жылдан бастау алады. 1966 жылдың жазда ӨЖБ атауы  "Севказэнергоремонт" (СКЭР) болып өзгерді. Екі жылдан кейін кәсіпорында учаске құрылып, 1973 жылы оған Ақсу электр станциясының бүкіл жөндеушілері, жалпы саны 800 жұмысшы қызметке ауыстырылды. Өз метал және дәнекерлеу зертханасының ашылуы жөндеу сапасын күрт өзгертіп, дипломды электрмен дәнекерлеушілердің даярлығын ретке келтіруге мүмкіндік берді. 90-жылдары көп жылдық серіктестермен өзара байланыстар үзілген тұста, СКЭР құрамына кіретін "Павлодарэнерго" жабылды. 1997 жылдың ақпанында "Севказэнергоремонт" акционерлік қоғам аталып, бүкіл акциялар пакеті мемлекет меншігіне өтті. 1999 жылдың қыркүйек айында өткізілген тендер қорытындысында Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы кәсіпорынның мүлік кешенін сатып алып, оның негізінде Павлодар жөндеу бөлімшесі құрылды. ӨЖБ осы кейпінде 2013 жылдың көктеміне дейін қызмет жасады. Жөндеулер қымбаттағандықтан, ӨЖБ негізінде жөндеу базасын ашып, негізгі жөндеу цехтарын Ақсу электр станциясына ауыстыру ұйғарылған болатын.

Жұмысшылар саны мың адамға жуық жаңа бөлімшенің директоры қызметіне Егор Коротков тағайындалды. Ол еңбек жолын ӨЖБ қазандық цехының жабдығын жөндейтін слесарі болып бастаған. Кейін турбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі жетекші инженер, корпорацияның техникалық басқармасының жылу электр станциясының жабдығын жөндеу жөніндегі инженері қызметтерін абыроймен атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу