"Air Astana" авиакомпаниясының флоты жаңа ұшақ - Airbus A321neo-мен толықты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"2018 жылды жақсы жаңалықпен бастаймыз. Қазақстанға Pratt & Whitney қозғалтқышымен жабдықталған жаңа буынның алғашқы ұшағы - Airbus A321neo келді. Ұшақтың бизнес-класс салонында - 28 және эконом-класында - 151 орын бар және ол дербес ойын-сауық мониторлармен жабдықталған. Жаңа Airbus өндіруші-зауыттан жеткізіліп, Қазақстан ішінде және шетелге ұшатын болады", - дейді компанияның баспасөзінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу