"Эйр Астана" бизнес-класқа билет ойнатып жатыр

1090

"Эйр Астана" бизнес-класқа билет ойнатып жатыр

Әуе компаниясы ақша тігіп қызмет көрсетудің деңгейін эконом-кластан бизнес-класқа көтеруге мүмкіндік алуға шақырады. "Эйр Астана" жолаушыларға

MyUpgrade жүйесі арқылы бизнес-класқа билет ұтып алуды ұсынып отыр.

"Бәлкім, "Эйр Астананың" бизнес-класс салонында ұшуды армандап келген боларсыз, бірақ оған мүмкіндік болмаған шығар. Біздегі инновациялық MyUpgrade жүйесі арқылы ақша тігіп, қызмет көрсетудің деңгейін эконом-кластан бизнес-класқа көтеруге мүмкіндік алуға болады.  Эконом-класқа билет сатып алып,  аталған бағытта MyUpgrade жүйесін пайдалануға болатындығын тексеріп, қызмет көрсетудің деңгейін көтеру үшін  қанша ақша тігетіндігіңіз туралы  ұсыны жолдасаңыз жеткілікті.  Егер сіздің тіккен бәсіңіз ұтқан болса, бұл жөнінде сізге  ұшардан 48 сағат бұрын хабарлап,  бизнес-кластағы орын белгіленген электрондық билет жібереміз", – деп хабарлады  компанияның өз сайтында. Акцияның шарттарымен әуе тасымалдаушысының ресми сайтынан танысуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу