2017 жылы маусымның бірінен бастап Астанадан халықаралық бағытта ұшатын 14 рейстің жиілігі артады. Бұл туралы "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жиілігі көбейетін 14 бағыттың ішінде Астанадан Ресей қалаларына, Грузияға, Украина, Түркия, Ұлыбритания, ҚХР, Оңтүстік Кореяға және Тайландқа ұшатын рейстер бар.
2017 жылдың жазында жылына 8 млн жолаушыны өткізу мүмкіндігіне ие жаңа терминалдар іске қосылады. Бұл терминалдарды ашу арқылы Астана әуежайы Орталық Азиядағы көшбасшы транзидтік хаб ретіндегі мүмкіндігін кеңейтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу