"Эйр Астана" ұлттық әуе компаниясы 36 студенттің шетелге баруын қамтамасыз етпек

868

"Эйр Астана" ұлттық әуе компаниясы 36 студенттің шетелге баруын қамтамасыз етпек

"Эйр Астана" ұлттық әуе компаниясы қазақстандық студенттер мен оқытушылардың Крэнфилд университетіндегі аэроғарыштық бағдарламасы бойынша арнайы курстарға баруын қамтамасыз етпек. Осылайша, 6-13 тамыз арасынд 36 студента  пен 6 оқытушыдан тұратын делегация Лондонға жеті күндік семинарға тегін ұшып барып келеді, деп хабарлайды aikyn.kz.

Ұлыбританияға ұшар алдында студенттер EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көр­­­месіндегі "Эйр Астана" стендін тама­ш­а­ла­ды. Онда әуежолында тиімділікті арттырып, жа­нар­май шығынын азайтатын технология түр­лері қойыл­ған. Көрме барысында сту­дент­тер ком­па­ния өкілдерімен кездесіп, Батыс Еуропадан Оң­түстік-Шығыс Азияға ұшу ке­зін­дегі ауаға бө­лінетін көміртек қалдықтарын азай­тудың жол­дарын іздестіруге топтық тап­сырма алды.
"Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фос­тер әуе компаниясының өз қызметкерлерін оқы­ту­мен, іріктеумен үздіксіз айналысып ке­ле жатқа­нын, ал мектептегі, жоғары оқу ор­нындағы жас та­ланттарға ерте кезден көңіл аудару керек екенін айтты.
"Крэнфилд – аэроғарыштық техно­ло­гия­лар са­ла­сындағы әлемдегі алдыңғы қатардағы уни­верситет. Біз 36 студентіміздің онда уа­­қыт­та­рын тиімді өткізіп, Крэнфилд универ­си­тетіндегі оқу­дан пайдалы тәжірибе жинай­ды деп үміт­те­неміз", – деді ол.
Студенттер Қазақстанның 14 аймағынан жә­­не Астана, Алматы қалаларынан арнайы ірік­теу нәтижесінде таңдалған. Іріктеу елор­дада өтті. Олар Ұлыбританияда аэроғарыштық тех­но­ло­гияларды үйренуге байланысты бір топ ш­ара­ларға қатысады. Арнайы курстың бағдар­ла­масына авиация ғылымы мен тех­нологиялары бағдарламасының басшысы Гай Грэттонның, аэродинамика мен борттық өлшеу бағдарлама­сының профессоры Ник Лоу­сонның, сонымен қатар авиация индуст­рия­сындағы әлемге әйгілі лекторлар мен про­фессорлардың лекциялары кіреді. Сту­денттер бағдарламаның тәжірбиелік бөлімінде аэродинамикалық құбырға ұшып бара­ды, Boeing 737-400 әуе кемесін және де әлем­дегі ең үлкен Airlander 10 дирижаблін (ұша­тын Ұлттық лабороториялық орталық) тама­ша­лайды.
Аталмыш бағдарлама Әділет министр­лігі­нің, Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жоба­лар­ды да­мыту қорының, Назарбаев университеті мен "Эйр Астана" әуе компаниясының бас­тамасымен жүз­еге асып отыр. Студенттер мен оқы­тушыларға Лон­донға ұшар алдында Аста­надағы британ ел­шілігі қабылдауында құрмет көр­сетті. Сондай-ақ оларды Лондонда Қазақ­стан елшілігі қабыл­дай­ды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу