"Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шықты

1027

 "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шықты

Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды abctv.kz бас банкке сілтемемен.

Үшінші тұлғалардың тарапынан сот актісіне шағым болмаған жағдайда түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде шешім заңды күшіне енеді.

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні Ұлттық банк банктің тарату комиссиясын тағайындайды.

 "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКҚ Қазақстанның жұмыс істеп тұрған банктерінің қайсысы "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ның салымшыларымен төлем жүргізу жөніндегі агент ретінде жұмыс істеп, салымшылармен есеп айырысатындығын хабарлайды.

ҚДКҚ таңдалған агент-банкті жариялағаннан және кепілдікті өтемақыны төлеу  басталғаннан кейін салымшылар осы агент-банктің  филиалына кепілдікті өтемақы төлеуге арналған өтініш жасағаны дұрыс.

Кепілдікті  өтемақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе салымшының басқа банктегі шотына аударыммен теңгемен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте салымшының алынған кепілді өтемақыны агент-банктің шотында қалдыруға мүмкіндігі бар. Барлық кепілді өтемақыларды төлеу тек ұлттық валюта – теңгемен жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдікті өтемақыны есептеу үшін банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылады.

Еске сала кетсек, ҚР Ұлттық банкі "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шағым-талапты сотқа биыл 25 қыркүйекте берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу