Ақындар арасында елорда күніне орайластырылып ұйымдастырылатын дәстүрлі мүшайра "ЭКСПО-2017 Қазақстаным-ғажапстаным" деген тақырыппен өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
- Бүгінде Қазақстанды инфрақұрылымы мен экономикасы дамыған, мәдениеті мен тарихы бай күшті мемлекет ретінде біледі. Бұған алдағы уақытта Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі дәлел болады. Мемлекетіміз үшін аса маңызды осындай шараларды жырға қосу және насихаттау әдеби сайыстың басты мақсаты болып табылады, - дейді ұйымдастырушылар.
Әдеби жарыста топ жарған дарынды қатысушыларды марапаттау салтанаты 3 шілдеде сағат 17.00-де отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жастар" сарайында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу