"ЭКСПО-2017" имидждік лицензиялық өнімдерінің бағасы жарияланды

693

"ЭКСПО-2017" имидждік лицензиялық өнімдерінің бағасы жарияланды

"ЭКСПО-2017" имидждік лицензиялық өнімдерінің кей түрлерінің бағасы жарияланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат.

Дүңгіршектен 400 теңгелік магниттен бастап, құны 100 мың теңгеден асатын ағаш картиналарды да көруге болады.

Картина жасаумен айналысқан "Яссауи" компаниясының жетекшісі Темірлан Телешовтың айтуынша, тауар бағасы өндірістің күрделілігіне және қолданылатын материалдардың сапасына тікелей байланысты.

"Біз келушілерге арнайы ЭКСПО үшін әзірленген  5 түрлі өнім ұсынамыз. Картинаның өзі ағаштан, қолмен жиектеп, көмкеріледі. Бір картинаның өзінде 9 немесе 15 түрлі ағаш түрлері пайдаланылады. Өнімдеріміздің ерекшелігі сол, ешқандай бояу қолданбаймыз. Белгілі бір түсті көрсету үшін, сол түстегі ағашты таңдаймыз", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, ЭКСПО тауарларын сататын дүңгіршекте 15 мың теңгеге қой жүнінен жасалған жамылғы сатып алуға болады. Дәл осындай түйе жүнінен жасалған жамылғылар 30 мың теңге тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу