"ЭКСПО-2017" қонақтарына жол сілтейтін кітапша ұсынылады

763

"ЭКСПО-2017" қонақтарына жол сілтейтін кітапша ұсынылады

Маңғыстау облысында орналасқан тарихи және археологиялық ескерткіштердің жол сызбасын жасау үшін "Үстірт құпиясы" экспедициясының мүшелері 1 жарым мың шақырым жол жүріп өтті. Енді олар туристер үшін ең тиімді әрі қауіпсіз жолдардың картасын жасап шығарады.

Бұл бағытпен жүрген жиһанкездер Маңғыстау өңіріндегі Бозжыра шатқалын, Қарақия ойысын, Шақпақ Ата мешітін және тағы да басқа көрікті жерлерді тамашалай алады. Экспедиция мүшелері бұл сапары жайында фото- және бейнематериалдар әзірлеген. Енді оны жол сілтейтін кітапшаға енгізіп, ЕХРО қонақтарына ұсынбақ.

"Қазақстандағы 25 мыңға жуық тарихи, археологиялық есткеркіштің тең жартысы, яғни 11 мыңы Маңғыстау облысында орналасқан. Экспедиция кезінде солардың барлығын қамтуға тырыстық", - деді экспедицияның ұйымдастырушысы Марғұлан Сейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу