Бұл туралы Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев мәлім етті.
Департамент директоры көрмеге арналған қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру байқауының аралық нәтижесімен таныстырды.
"Мейрамхана қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру осындай кең ауқымды іс-шаралардың қажетті әрі маңызды аспектісі. Қызмет көрсету, яғни сервис әр мемлекеттен келген тұлғалар мен көрмеге қатысушы мемлекет делегаттарының, сонымен қатар, қала қонақтары мен тұрғындарының ойынан шығуы керек. Бүгінгі күні 15-ке жуық мемлекет өздерінің ұлттық асханасын білдіретін тамақтану орындарын ұйымдастуды жоспарлады. Бұл Италия, Германия, Польша және т.б мемлекеттер", – деді Дәулет Еркімбаев.
Сондай-ақ, көрмеге аумағы 10 мың шаршы метрден асатын жалпы тамақтануды ұйымдастыруға арналған коммерциялық орындар бөлінді. Жалпы алғанда, 40-тан аса тамақтану орындарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Коммерциялық павильондардың бірінші қабаттарында мейрамхана, кофехана, барлар орналасады. Екінші қабаттарда сауда орталықтарындағыдай фаст-фуд болады. Жалпы тамақтандыру орындарын ұйымдастырған кезде барлық әлеуметтік топтар мен табыс деңгейі қаралды.
"2016 жылдың соңынан бастап байқауды жарнамалау басталды. Атап өту керек, бизнес белсенді қатысып жатыр. Сонымен, бүгінгі таңда 71% жалдаушылар анықталды. Жалдаушыларды таңдап алған кезде, ең алдыымен, қызмет көрсету жұмысы, нарықтық тәжірибесі мен қолжетімді баға саясатына аса назар аударылады. Кәсіпкерлік секторды белсенді қатысуға шақырамыз. Не дегенмен, бұл біздің отандық өндірушілерге өздерін көрсетуге арналған таптырмас мүмкіндік", – деді "Астана ЭКСПО-2017"ҰК коммерцияландыру департаментінің директоры.
Қазіргі таңда 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым өздерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын растады.