"Экспо" көрмесі 1-ші қарашаға дейін жалғасуы мүмкін. Ал мерзімді ұзарту жөніндегі ашық хат "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке жолданды.
Бұл ұсынысты еліміздегі бизнес қауымдастығының өкілдері, атап айтқанда туроператорлардан бастап, мейрамхана, қонақүй және тасымал компаниялары айтып отыр. Өтініште кәсіпкерлер жоғары дейдейде ұйымдастырылған Экспо көрмесіне алғыстарын білдіре отырып, оның уақытын ұзарту экономикалық жағынан тиімді шемі болады деп жазған. Дәлірек айтқанда, көрме қызмет көрсету саласындағы компаниялардың қалыптасуына септігін тигізіп қана қоймай, ел экономикасын нығайтуға жақсы мүмкіндік беретінін атап өткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу