"Ел арна" телеарнасы отбасыға арналған

896

"Ел арна" телеарнасы отбасыға арналған

"Ел арна" телеарнасы отбасыға арналған. Мұны арнаның ашылу салтанатында "Хабар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Ел арна" жаңа телеарнасы ақпарат  және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың тапсырмасымен құрылды. Бұл телеарнаның мақсаты – көрерменге  көркем және деректі кино ұсыну", – дейді Ринат Кертаев.

Басқарма төрағасының айтуынша, телеарна өз жұмысын  27 наурыздан  бастайды. Эфирде тек қана "Хабар" арнасының өнімі ғана емес, "Қазақфильм" деректі фильмдері мен "Қазақстан" арнасы мен президент телерадиокешенінің туындылары көрсетіледі.

"Бұл телеарна  отбасыға арналған. Біз көрермендер тең фильм көріп қана қоймай, рухани байлық алуына жағдай жасадық", – дейді ол.

Айта кетейік, "Хабар" арнасының қол астындағы төртінші арна болып тіркелді.

Жаңадан іске қосылған "Ел арнада" ең бірінші болып "Ән-Аға" және "Дорога домой" атты туындылар көрерменге жол тартады.

Сонымен қатар арнада еліміздің жас әрі дарынды мамандары да өз киноларын бүкіл халық назарына паш ете алады. Жаңа арнаның әкімшілігі олармен тығыз жұмыс жүргізуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу