ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов негізгі әріптесі қазақстандық "Компас" компаниясы болып табылатын "Элит Класс" компаниясының банкротқа ұшырағандығы туралы хабарлады, деп жазады elorda.info.
"Сіздер немесе жақындарыңыз жақын күндері туристік қызмет көрсететін "Элит Класс" немесе "Компас" компанияарының жолдамаларымен Түрік еліне демалуға ұшпайды деп сенемін. Себебі, осы қазір ғана Анталиядағы біздің елшіліктен "Элит Класс" компаниясының бүгін банкротқа ұшырағандығы жайлы хабар алдық", — дейді ол.
"Қазірдің өзінде Түркияға барған біздің 30 жуық азаматымыз қонақүйлерге орналаса алмай отыр. Себебі, қонақүйлердің ақшалары төленбеген. Сол себепті, аты аталған компаниялардан жолдама сатып алған азаматтар ұшуға асықпауларыңызға болады. Біздер бұл жағдайдың ежей-тегжейін анықтап жатырмыз", – деп сақтандырады сыртқы-саяси ведомстваның баспасөз қызметінің жетекшісі.