"Ертіс" бас бапкерсіз қалды

731

 "Ертіс"  бас бапкерсіз қалды

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубының бас бапкері Вячеслав Грозный қызметінен кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Клубтың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Вячеслав Грозный келісімшартының аяқталуына байланысты командадан кеткен.

9-қараша күні украиндік маман Павлодар облысының әкімімен жүздескен еді. Кездесу барысында аймақ басшысы бапкерге атқарған нәтижелі жұмысы мен "Ертістің" Еурокубок додасына жолдама алғаны үшін алғысын білдірген болатын. Алайда, сол кезде келісімшартты ұзарту мәселесі ашық күйде қалды.

Өкінішке қарай, клуб басшылығы жаттықтырушымен жаңа еңбек келісімшартын жасаған жоқ.

Еске салайық, Қазақстан чемпионатының соңғы турында "Ертіс" өз алаңында қарағандылық "Шахтерді" қабылдап, соңғы минутта гол салып жеңіске жетті. Маусым қортындысы бойынша павлодарлық команда төртінші орын иеленіп, келер жылы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға жолдама ұтып алды. Осы жеңістен соң Вячеслав Грозный орталық стадионда жанкүйерлерлерінің алдында, одан кейін футболшылардың киім ауыстыру бөлмесінде "лезгинка" биін биледі. Бұл би кейін "ғаламтордың хит видеосына" айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу