"Ертіс" Еуропа Лигасымен қош айтысты

747

"Ертіс" Еуропа Лигасымен қош айтысты

Павлодарлық "Ертіс" Еуропа Лигасының екінші квалификациялық кезеңінде сербиялық "Црвена Звездамен" болған жауапты ойында 2:0 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Еске салайық, Павлодар қаласында өткен матч 1:1 есебімен аяқталған болатын. Бұл жолы Белград қаласындағы кездесуде алаң иелері басым болды. Ойынның 11-минутында Митчелл Дональд есеп ашты. Ал, 76-минутта Славолюб Срнич есепті еселеді. Жеңіліске ұшыраған "Ертіс" өкінішке орай Еуропа Лигасының үшінші квалификациялық кезеңіне өте алмады. Павлодарлықтармен бірге доп додасында өнер көрсететін алматылық "Қайрат" та Албанияда "Скендербеу" клубына дәл осындай есеппен есе жіберді. 

Айта кетейік, "Црвена Звезда" - "Ертіс" ойынын "Хабар" агенттігі тікелей эфирден көрсеткен болатын. Сонымен қатар, Павлодарда Орталық жағалаудың төменгі бөлігінде екі үлкен экран қосылып, қала тұрғындары сүйікті командасына қолдау көрсетті. Түнгі 00:30-да басталған матчты тамашалау үшін 500-ге тарта жанкүйер жиналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу