Павлодардың "Ертіс" футбол клубы ауа райы салдарынан Түркияға жоспарлы оқу-жаттығу жиына ұша алмай қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметкері Әділет Сәрсенбеков мәлім етті.
"Команда қазір Алматыда. Қаңтардың 7-сінен бастап жауып тұрған қар ұшақтардың ұшуына бөгет болып отыр. Рейс ертеңгі күнге шегерілді, бірақ нақты уақыты белгісіз", – деді Әділет Сәрсенбеков.
Айта кетерлігі, Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиыны 9 қаңтар күні басталу керек еді. Жаттығу 22-қаңтарға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Белек қаласына 37 адам аттанғалы отыр, оның 13-і штаб өкілі болса, 24-і футболшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу