"Ертіс" футбол клубына жаңа директор тағайындалды

715

"Ертіс" футбол клубына жаңа директор тағайындалды

"Ертіс" футбол клубының директоры болып Ардақ Торсықбаев тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Клуб директорының міндетін атқарушы Ардақ Торсықбаевты "Ертіс" ұжымына Павлодар облысы футбол федерациясы президенті Ұлан Жазылбек таныстырды.

Бұған дейін "Ертіс" ФК директоры болған Жанайдар Дүйсенбаев сенімді ақтамағаны үшін қызметінен босатылды.

Ұлан Жазылбек клуб директорына жаңа міндеттер жүктеді. Ел чемпионатында ең жүлдесі көп "Ертіс" командасының әлі де алдыңғы қатарлардан көріну және бұрынғы қалыпқа келу керектігін жеткізді.

"Маусым басында қойылған – "үздік үштікке кіру" мақсатымыз әлі де өз күшінде, - деді Павлодар облысы футбол федерациясының президенті.

Сонымен қатар, Ұлан Жазылбек жазғы трансфер уақытында команда құрамын күшейту қажет екенін айтты. Оған қоса, негізгі құрам мен балалар және жасөспірімдер футболын дамыту орталығы арасында тығыз байланыс орнатуды тапсырды.

Айта кетейік, Ардақ Торсықбаевтың спорт саласында мол тәжірибесі бар. Ол спорт мектебінің басқарушысы, бірнеше жыл бойы Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет етті. Оған қоса, Павлодар қаласы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары болды. Соңғы уақытта Ардақ Торсықбаев Павлодар облысы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу