"Ертіс" футбол орталығының бас бапкері қызметінен кетті

542

"Ертіс" футбол орталығының бас бапкері қызметінен кетті

Павлодарлық "Ертіс" футбол орталығының бас бапкері Владимир Фомичев қызметінен кетті, деп хабарлайды prosports.kz тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі маман Владимир Фомичев осы жылдың қаңтар айында Павлодар қаласының "Ертіс" футбол орталығының бас бапкері ретінде ресми түрде бекітілген болатын.

Владимир Фомичев көптеген қазақстандық клубтарда жұмыс істеді. "Батырмен" бірге 1993 жылы ол күміс медальді жеңіп алды, ал 2002 жылы "Жеңіс" ел Кубогының иегері болды. Ол сондай-ақ, жастар, Қазақстанның Олимпиадалық және ұлттық құрамаларында, өзбек клубтарында "Насаф" және "Машал" клубтарында, Калининград "Балтика" құрамында жұмыс істеді. Өткен жылы ол "Қызыл-Жар СК" командасына Премьер-Лиганы алып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу