"Ертіс" хоккейшілері биылғы маусымда алғаш рет жеңілді

641

"Ертіс" хоккейшілері биылғы маусымда алғаш рет жеңілді

Павлодарлық "Ертіс" шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті туры аясында өз алаңында атыраулық "Бейбарысты" қабылдап, 2:3 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алғашқы кезеңде қарсыластар бір-бірінің осал тұсын таппады. Ал, екінші кезеңде Александр Архипов мергендік танытып, павлодарлықтарды алға шығарды. Алайда араға үш минут салып, қонақтар Артём Севостьяновтың голымен таразы басына теңдік орнатты. Бір қызығы, 50 секундтан кейін Александр Архипов өзінің екінші голын салып, "Ертісті" тағы да алға шығарды.

Өкінішке қарай, ойын соңына дейін айдын иелері жеңісті сақтап қала алмады. Әуелі, Болат Хамматов есепті теңестірді. Ал, овер-таймда Дмитрий Степанов гол салып, "Бейбарыс" жеңісті тартып алды. Қортынды есеп 2:3. Қос команда арасындағы жауапты ойын бүгін "Астана" мұз сарайында сағат 19:00-де өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу