"Ертістің" бас бапкері қызметінен босатылды

792

"Ертістің" бас бапкері қызметінен босатылды

Еңбек келісімін мерзімнен бұрын тоқтату жұмыстары жүріп жатқандықтан, павлодарлық "Ертіс" ФК Жерард Нус команданың бас бапкері қызметінен шеттетілгендігі жайлы хабарлайды, деп жазады vesti.kz.

Негізгі команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып Дмитрий Кузнецов тағайындалды.

Жерард Нус Павлодардағы жұмыс барысында оның қасынан табылып, қолдау көрсеткен барша жандарға - жанкүйерлерге, ойыншыларға, әріптестеріне алғыс айтты

"Біз клубпен ортақ шешімге келдік. Менің ойымша қазіргі таңда, бұл екі жақ үшін ең тиімді жол. Павлодар-аса көркем, қонақжай қала. Мен және менің көмекшілерім бұл жерде өзімізді үйімізде болғандай сезіндік. "Ертіс" Қазақстан кубогі сайысында жақсы табысқа жетіп, осы маусымды биік белестерді бағындырады деп сенемін. Облыс басшылығына, "Ертіс" ФК қызметкерлеріне және барлық ойыншыларына алғыс білдіремін. Бірінші күннен-ақ, біз жанкүйерлердің қолдауын өз стадионымызда да, сырт алаңда да сездік. Барлықтарыңызға үлкен рахмет", - деді бапкер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу