Қазақстандық "Еуразия" сақтандыру компаниясы 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда биылғы жылдың сәйкес кезеңінде сыйақылар жинауды 42%-ға – 42,8 млрд теңгеге арттырды, деп мәлім етті компанияның атқарушы директоры Шәкір Именов, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".
Оның мәліметі бойынша, келесідей сақтандыру түрлері өсім көрсеткен: мүлік (51%), көлік иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (341%), ауырған жағдайда сақтандыру (25,8%), әуе көлігін сақтандыру (150,7%), жүктерді сақтандыру (77,3%), тасымалдаушының жолаушыларды міндетті сақтандыруы (82,7%) және экологиялық сақтандыру (74,6%). Компания үстіміздегі жылдың қаңтар-кыркүйегінің қорытындысы бойынша 18,2 млрд теңгеге салықтық төлемдер жасаған. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп.
"Ерікті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдері осы кезең ішінде 17 млрд теңгеге жетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 63% көп. Ерікті сақтандыру бойынша төлемдер биыл былтырғыға қарағанда 3%-ға артық болды", – деп нақтылап кетті Шәкір Именов. 1995 жылы құрылған "Еуразия" СК Қазақстанның сақтандыру нарығында алдыңғы орынды иеленеді. Бүгінгі таңда компания 75 елде қызмет көрсетеді және әлемнің ірі 150 сақтандыру компаниясының қатарында тұр.