"Еуразия барысы" турнирінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

795

"Еуразия барысы" турнирінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Алматыда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық "Еуразия барысы" турнирінде Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды деп, хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Қазақстан құрамасы финалда Моңғолия балуандарын 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Жерлестеріміз алғашқы белдесулерінде Польша командасын 7:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Грузия балуандарын 6:2 есебімен ұтып финалға жолдама алған еді. Міне, финалда ежелгі қарсыластары Моңғолия балуандарын қапы қалдырды. Осыған дейін үшінші орынды Грузия балуандары жеңіп алғанын айтқан болатынбыз. Екінші орынға Моңғолия балуандары ие болды. Турнир жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге табысталса, үшінші орын алған Грузия балуандарына 4 миллион теңге табыс етілді. Бұл бәсекеде 55 келіде – Марат Нығыматұллаев, 60 келіде – Ержан Мағауинов, 66 келіде – Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде – Aйдос Ғалымов, 82 келіде – Дәулет Пахриддинов, 90 келіде –  Айбол Айтбек, 100 келіде – Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде Айбек Нұғымаровтар ел намысын қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу