"Еуразиялық банк" пен "Қазына Капитал Менеджмент" өзара ынтымақтастық орнатты

711

"Еуразиялық банк" пен "Қазына Капитал Менеджмент" өзара ынтымақтастық орнатты

"Еуразиялық банк" АҚ және "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Еуразиялық банк" АҚ PR-қызметі.

Тараптар құжатқа сәйкес Қазақстан аумағында энергетика, машина жасау, инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүдделік танытады. 

Ынтымақтастық екі институттың да клиенттері үшін мүмкіндіктер ашады. Өз тарапынан "Қазына Капитал Менеджмент" әрі қарай жаңғырту, өрістету және дамыту үшін қосымша қаржыландыру қажет болатын компаниялардың серіктесі болып, олардың капиталына ене алады. Еуразиялық банк акционері "Қазына Капитал Менеджмент" болатын кәсіпкерлерге жаңғырту, айналым қаражатын толықтыру және басқа да бизнес-мақсаттар үшін қосымша қаржы қажет болған немесе қымбат кредиттерді қайта қаржыландыруға ниет білдірген жағдайда бұл кәсіпкерлер үшін кредит беруге дайын.

Еуразиялық Банктің Басқарма төрағасы Шухрат Садыров: "Келісім екі компанияның да клиенттеріне қосымша ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Еуразиялық банктің әртүрлі салалардағы кәсіпкерлермен жұмыс тәжірибесі орасан зор, сондықтан біз корпоративтік клиенттерге тек қаржыландыруды ғана емес, барлық есеп айырысу-кассалық қызметтерін де ұсына аламыз. Жинақталған тәжірибенің арқасында біздің қаржы институтымыз компанияларға барлық қаржылық шешімдер бойынша кеңес беру көмегін де көрсетеді.  Осындай жағдайларда "Казына Капитал Менеджментпен" меморандумға қол қою өз компанияларын дамытуда қаржылық мұқтаждық көріп отырған қазақстандық бизнесмендер үшін мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті.

Айта кетсек, "Қазына Капитал Менеджмент" ("ҚКМ") АҚ – бұл 2007 жылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына көмектесу үшін құрылған тікелей инвестиция (private equity) қорларының қоры.  "ҚКМ" отбасы қорлары экономиканың әртүрлі секторларында әрі қарайғы өркендеу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында капитал береді. "Қазына Капитал Менеджмент"  халықаралық институционалдық инвесторлармен бірлесе отырып 13 private equity қорды тиімді басқарады, олардың жалпы капиталдандыруы 2,4 млрд АҚШ долларын құрайды, "ҚКМ" компаниясы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрылымына кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу